«Түнгі Бозоққа саяхат»: Ашық аспан астында аңыздар айтылды

«Түнгі Бозоққа саяхат»: Ашық аспан астында аңыздар айтылды

«Түнгі Бозоққа саяхат». Осындай атаумен Астана іргесіндегі Бозоқ археологиялық паркінде алғаш рет түнгі мұражай ұйымдастырылды. Мұндай ерекше фестивальдің мақсаты — жастарды тарихқа қызықтыру. Өйткені өткенді болашақ ұрпақ біліп жүруі тиіс. Қазір Бозоқта ірі тарихи кешен құрылысы басталған. Келешекте бұл жерде дәстүрлі ойындар, атқа міну сабақтары мен тарихтан сыр шертетін түрлі қойылымдар көрсетілмек. Халықаралық музейлер күніне орай ұйымдастырылған шараға тарихшылар мен қоғам қайраткерлері арнайы келіп қатысқан.