Түп шығанағы қандай сырды бүгіп жатыр? | Сынақ

Ыстықкөл — Солтүстік Тянь-Шаньдағы Күнгей Алатау мен Теріскей Алатау тау жоталарының аралығында, 1608 м биіктікте (Ыстықкөл қазаншұңқырында) орналасқан тұйық көл, Қырғызстан жерінде. Дүние жүзіндегі ірі тау көлдерінің бірі.  Көлге 50-ден астам шағын өзен құяды (олардың жылдық ағыны 3 км³). Ірілері — Жырғалаң, Түп. Ыстықкөл алабының аумағы 21,9 мың км². Жағалары нашар тілімделген, терең шығанақтар шығыс және оңтүстік-шығыс жағалауында ғана кездеседі.