Түркістан облысында экзотикалық жеміс өнім берді

Түркістан облысында экзотикалық жеміс өнім берді

Түркістан облысында лимон жемісі өнім берді. Оңтүстік өңірдің шаруалары еліміздің климатына қолайсыз келетін экзотикалық жемісті жылыжайда өсіреді. Фермерлер жылыжайдың ауа температурасы мен ылғалдылық деңгейін мұқият бақылауда ұстайды. Мұнда өткен маусымда ғана 90 тонна өнім жиналды.

Абылайхан Қосаев, бағбан:

- Бұл жеміс ылғалдылықты жақсы көреді. Ол шамамен 60-80% құрауы керек. Жазды күндері сәл қиындау болады. Сондықтан таңғы уақытта су сеуіп тұрамыз. Сол арқылы ылғалдылық сақталады. Алып бара жатқан шаруа жоқ. Уақытылы суғарып, күтімін жасап тұрса болғаны.

Түркістан облысында 15 шаруа қожалығы қияр мен қызанақтың орнын осы цитрус жемістеріне алмастырған. Биыл өңірде лимон бақтарын кеңейту жоспарланып отыр.

Айта кетейік, дайын өнім негізінен ішкі нарыққа саудаға жіберіледі.