Түркістанда «ÁMEN» анимациялық фильмдер фестивалі өтті

Түркістанда «ÁMEN» анимациялық фильмдер фестивалі өтті

Түркітілдес елдері аниматорларының үздік мультфильмдері. Түркістанда үшінші рет халықаралық ÁMEN фестивалі өтті. Биыл байқауға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Түркия авторлары қатысты. Көрермен назарына үздік деп танылған түрлі жанрдағы 49 анимациялық туынды ұсынылды. Жұмыстарды әйгілі шетелдік аниматорлар мен отандық білікті мамандар бағалады.

Анимациялық фильмдердің дәстүрлі байқауы қазақ мультфильмінің атасы атанған әйгілі Әмен Хайдаровтың құрметіне үш жылдан бері өткізіліп келеді. Мамандар фестивальді болашақта шетелде ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Азизбек Мухамедов, режиссёр-аниматор /Өзбекстан/:

- Біз бұл фестивальге бірінші рет қатысып отырған жоқпыз. Өткен жылы «Ағыс» деген фильмімізді қазылар алқасы жақсы қабылдады. «Өзіндік көркемдік стильде қойылған үздік анимациялық фильм» атағын жеңіп алдық.

Болат Тілепов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі:

- Анимациялық-мультипликациялық фильмдердің ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы зор. Ғалымдардың пікірінше, бала санасына оның отбасынан қарағанда анимациялық фильмнің ықпалы 2-3 есе үлкен әсер етеді. Сондықтан осындай фестивальдер біздің өз елімізде өтіп, рухани өмірімізді байытып жатқанының өзі үлкен қолдау.