Үкімет басшысының орынбасары вакцинация мен ревакцинация қарқынын күшейтуді тапсырды

Ел мектептері қайтадан оқудың дәстүрлі форматына көше алады. Өзгерістер жалпы білім беретін мектептердің 1-4-ші сынып оқушылары мен халықаралық мектептердің 5-6-шы сыныптарына әсер етуі мүмкін. Үкімет сайтында коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі үкіметаралық комиссияның ұсыныстары жарияланған. Соған сәйкес мектептен тыс ұйымдарда жеке және топтық сабақтарды өткізуге болады. Басты талап – сыныпта тек 15 балаға дейін болу қажет. Сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған сабақтарға да рұқсат етіледі. Колледждер мен ЖОО жұмысын аралас форматта жүргізеді, яғни практикалық сабақтар әдеттегідей, ал дәрістер онлайн режимде өтетін болады. Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирусқа қарсы вакцина салғызу қарқынын арттыруды тапсырды. Комиссия коронавирусты емдеу үшін жаңа дәрілік препараттарды ерекше жағдайларда пайдалануға рұқсат берді.