Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы 2023 жылдың екінші жартысында пайдалануға берілмек

Бұл туралы еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің комитетінде хабарлады. Қазіргі уақытта жол құрылысы бойынша барлық негізгі жұмыстар аяқталды. Бүгінгі таңда абаттандыру және жол ақысын алу жүйесі орнатылып жатыр. Айта кетейік, айналма жол – мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясындағы Орталық Азиядағы жол құрылысының ең ірі инфрақұрылымдық жобасы. Магистраль «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» транзиттік дәлізінің негізгі буыны болуы керек.

Айта кетейік, жүрдек жол негізінен алты жолақты, ал кейбір жерлерде төрт жолақты болмақ. Ол Алматы облысының 14 елді мекені арқылы өтетін болады.