Қазақстан цифрлық-өңірлік хабқа айналады

Қазақстан цифрлық-өңірлік хабқа айналады

Осыған байланысты салалық тұжырымдамаларда және мемлекеттік органдардың даму жоспарларында барлық қажетті іс-шаралар көрініс табуы керек. Үкімет басшысы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің алқа мәжілісінде бірақатар тапсырмалар берді. Әлихан Смайылов барлық ақпараттық жүйелерді Smart Data Ukimet платформасында орталықтандырудың маңыздылығына тоқталды.

Сондай-ақ елде ұлттық ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ғарыштық технологияларды экономикаға интеграциялау бойынша кешенді шаралар қабылданады. Бейінді ведомство алдында тұрған тағы бір маңызды міндет – Қазақстан цифрлық-өңірлік хабқа айналуы тиіс. Осы мақсатта министрлік биыл 1 наурызға дейін тиісті жол картасын әзірлеп, қабылдауы қажет. Бастысы онда Еуропа мен Шығыс Азияны ел аумағы арқылы жалғайтын трансшекаралық талшықты-оптикалық магистральдарды  салу және ілеспе деректер орталықтарын іске қосу жөніндегі қадамдар көрсетілуі тиіс.