Үкіметте Астананың дамуы қаралды

Үкіметте Астананың дамуы қаралды

Елордада 3-ЖЭО-ның бірінші кезегінің және жалпы қуаты 1 130 Гкал болатын екі газ жылу станциясының құрылысы 2026 жылға дейін жылу энергиясы қорын жинауға мүмкіндік береді. Бұл егер қалада баспана құрылысының қазіргі қарқыны сақталатын болса қол жететін меже. Үкіметте Мемлекет басшысының Астананы одан әрі дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау шаралары қаралды. Шаһардың басшысы Жеңіс Қасымбек сумен жабдықтау, көлік инфроқұрылымын дамыту, құрылыс және жолдарды жөндеуге қатысты жүзеге асырылып жатқан жобалар барысымен таныстырды. Қала әкімі жаңа бағдарламалық құжаттарды әзірлеу туралы  баяндады. Оның ішінде Астананы дамытудың 2035 жылға дейінгі бас жоспары мен 2030 жылға дейінгі қайта жаңарту бағдарламасы және Көгалдандырудың бірыңғай тұжырымдамасы бар. Премьер-министр барлық инфрақұрылымдық жобалардағы құрылыс-монтаждау жұмыстарын уақытылы аяқтауды қамтамасыз етуді тапсырды. Әлихан Смайылов республикалық бюджетті қалыптастыру және нақтылау кезінде Астананың басым жобаларын қаржыландыруды қарастыруды Елорда агломерациясын дамытудың кешенді жоспарын әзірлеп, оны Үкіметке енгізуді жүктеді. Сондай-ақ, ол бас шаһарды дамыту мәселелерін шешу мемлекеттің басым бағыттарының бірі екеніне тоқталды.