Әлемге танымал тұлғалар Көшпенділер ойындарына таңданысын жеткізді

Әлемге танымал тұлғалар Көшпенділер ойындарына таңданысын жеткізді

Көшпенділер ойындарын көруге келген әлемдік жұлдыздар таңданысын жасыра алмады. Әсіресе, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүріміз ерекше әсер сыйлапты. Миллионнан аса оқырманы бар қытайлық блогер Тао Тао арнамызға арнайы сұхбат беріп, сезімдерін бөлісті.

Тао Тао, саяхатшы, блогер: 

– Астанадағы ерекше зәулім ғимараттарға таңғалдым. Қазақтың асханасымен таныстым. Этноауылдағы атмосфера да ұнады. Жалпы, өзім жылқы жануарына қатты қызығамын. Көшпенділердің ат үстіндегі ойындарын көргендегі сезімімді айтып жеткізе алмаймын. Жалпы, Қазақстанның табиғатын ұнатамын. Сұлу. Ал адамдары қонақжай. Сондықтан достарымды қазақ еліне келіп саяхаттауға шақырамын.