Улы жәндіктер қаптады
Шымкентте қарақұрт 8 адамды шағып, олардың екеуі ауруханаға түсті. Өзгесі амбулаторлық емдеуге жіберілген. Санитар дәрігерлер кененің де көбейіп жатқанын айтты. Өткен жылмен салыстырғанда улы жәндіктер шаққан азаматтар саны 2,5 есеге артқан. Дегенмен жағдай бақылауда.

