Ынтымақты елге бақ тұрар
Биыл Әз-Наурыз қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс келді. Бұл да бір жақсылықтың нышаны болар. Ынтымақ пен бірліктің ұйытқысына айналған мейрамның жақсылық пен қуанышқа, кешірімге негізделгенінен бәріміз хабардармыз. Бата-тілек күн нұрындай төгіліп, жаңарған жаңа күнді елмен бірге қарсы алу, ынтымақ пен татулықта болу – сауаптың сауабы.
«Жүрек сөзі» бағдарламасының бұл санында «Ынтымақты елге бақ тұрар» тақырыбы сөз болмақ.
Ырыс пен ынтымақ, бірлік пен береке Ұлыстың ұлы күнінде қалай айшықталады? Татулық пен бауырмашылдықты қалай сақтап қаламыз? Әз-Наурыздың тағы қандай ерекшелігі бар? Осы және өзге де сұрақтарға Нұрлан имам жауап береді.

