Заттыбек Көпбосынұлы: Үйде мен жұмсақпын
Қазақ тойының королі атанған Заттыбек Көпбосынұлы – «Жақсы адамдарым» бағдарламасында! Ел жүрегінен ерекше орын алған «Ақмаржан» әніне биыл 20 жыл толды. Уақыт өтсе де, ешқашан ескірмейтін бұл туындының тойдағы сұранысы әлі де жоғары. Арнайы шығарылымға әншінің ұл-қызы мен өнердегі жақын достары қатысып, оның шығармашылығымен қатар, адамгершілігі, игі істері, дара болмысы туралы әсерлі естеліктерімен бөліседі.

