Зейнетақы жинағын емделуге пайдалану үшін өтінім қабылдау басталды
Қазақстанда біржолғы зейнетақы жинағын ем шараларына пайдалану үшін өтінім қабылдау басталды. Өтінімді enpf-otbasy.kz сайтында беруге болады. Зейнетақы қорынан берілетін бір реттік төлемді 7 бағыттағы медициналық қызметке жаратуға болады. Олардың қатарында сирек кездесетін ауруларды емдеу мен диагностикалау, стоматологиялық қызметтер, реконструктивті және қалпына келтіру операциялары, радиохирургиялық емдеу бар. Сонымен қатар протон терапиясы мен офтальмологиялық қызметтер үшін зейнетақы жинағын жұмсауға болады.
Еске салсақ, Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тізімін 15 ақпанда болатын. Алайда қоғам талқысынан кейін біржолғы зейнетақы жинағын пайдалану бойынша қызмет түрлері қайта толықтырылды.
Біржолғы зейнетақы жинағын пайдалануға рұқсат етілген медициналық қызметтер:
- орфандық сырқаттарды емдеу және емдеу тактикасын анықтау үшін диагностикалық зерттеу;
- стоматологиялық қызметтер (тісті протездеу, имплантация);
- отадан кейінгі және мастэктомиядан кейінгі пластикалық операциялар;
- радионуклидтік және радиойодтерапия;
- радиохирургиялық емдеу;
- протон терапиясы;
- офтальмологиялық қызметтер.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов