Зерттеу: зумерлердің дені зиянды әдеттерге қарсы
Миллениал мен зумер ұрпақтың басты айырмашылығы қандай? Pew Research Center зерттеуіне қарағанда, зумерлер интернет заманында дүниеге келген, сондықтан гендерлік және әлеуметтік тақырыптарға өте сезімтал келеді. Әрі жаман әдеттерден көбі өзін алшақ ұстайды. Мәселен, алкогольден бас тарту трендін дәл осы ұрпақ қалыптастыруда. Спортпен шұғылданады, бос уақытын өзіне арнайды. Бүгінде Қазақстанда 6 млн отбасында 7 млн бала тәрбиеленіп жатса, соның 2,5 млн-ы спортпен айналысады екен. Зумерлердің тағы қандай ерекшеліктері бар? Гүлзат Сақ талдап көрді.

