Жаңа оқу жылы: Қазақстанның бас санитарлық дәрігері қаулы шығарды

Жаңа оқу жылы: Қазақстанның бас санитарлық дәрігері қаулы шығарды

Қазақстанда жаңа оқу жылында педагогтер мен персоналдар 100% вакцинацияланған болуы керек. Бұл туралы Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі жаңа оқу қаулысында бекітілді. Сонымен қатар құжатқа сәйкес, ғимаратқа кіру кезінде Ashyq қосымшасын енгізу, маска режимін сақтау сынды ережелер белгіленді. Елордалық №30 мектеп директоры Сәуле Мыңшалқызы жаңа оқу жылына дайындық қызу жүріп жатқанын айтты. Ұстаз: «Балалардың қауіпсіздігі бірінші орында», – дейді.

Сәуле Әзімханова, Нұр-Сұлтан қаласы №30 мектеп директоры:

- Біз ақпан айынан бастап барлық ұстазды, қызметкерді вакциналаудан өткіздік. Қазір мектептегі барлық қызметкер 100% вакцинадан өтті. Екіншіден, оқушыларды және ата-аналарды ақпараттандырып, ата-аналарымыздың вакцина алуын қажет екенін қазіргі таңда түсіндіру жұмыстарымен айналысып жатырмыз. Үшіншіден, мектептің ғимаратын, әрбір оқу кабинетін ережелерге сай дайындап отырмыз.

Сондай-ақ маман балалардың топтасып жиналмауы үшін әрбір сыныптың өзінің жеке қоңырау уақыты болатынын және бір баспалдақпен мініп, екіншісімен түсетінін айтты. Бұл оқушыларға ғана емес, барлық персоналға бірдей ереже болмақ.

Айта кетейік, биылғы оқу жылында №30 мектеп бұрынғыдай 5 күн емес, 6 күн бойы жұмыс істемек. Себебі екі ауысымның арасы ұзақ болуы тиіс. Осылайша, екінші ауысымда оқитын балалар келгенше сыныпқа қызметкерлер дизенфекция жұмыстарын жүргізіп үлгереді.