Жансейіт Түймебаев: Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы – Елбасының бірегей бастамасы

Interview of the day бағдарламасының кезекті санында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі  Жансейіт Түймебаевпен сұхбаттастық. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толды. Жансейіт Қансейітұлы ширек ғасыр ішінде еліміздегі тату тіршілікті нығайту бағытында қандай игі істер атқарылғандығы жөнінде, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алға тартқан тұлға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен алғашқы таныстығы туралы ашығынан айтты. Мерекелік бағдарламада өзге де өзекті тақырыптар жөнінде толығырақ біле аласыздар.