Жапонияда 7 балдық жер сілкінісі тіркелді

Жапонияда 7 балдық жер сілкінісі тіркелді

Жапонияның оңтүстік-батысында жойқын жер сілкінісі болды. 7 балдық дүмпуден үйлер құлап, ғимараттар өртенген. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Себебі құтқарушылар табиғи апаттан зардап шеккен аудандарға жете алмай жатыр. Жергілікті билік цунами қаупі туралы ескертуді алып тастаған. Дегенмен мамандар дүмпу қайталанса, жағдай ушыға түсуі мүмкін дейді. Сондықтан тұрғындарды теңізден аулақ жүруге шақырды.