Жас кәсіпкерлер 300 мың доллар грант ұтып алу мүмкіндігіне ие

300 мың доллар. Бұл - осымен 18-ші мәрте өтіп жатқан «Өз кәсібіңді құр» байқауының жүлде қоры. Өтініштерді қабылдау басталды. Дәстүрлі байқау аясында жеке ісін енді бастаған жігерлі жастар 10 мыңнан 100 мың долларға дейін қайтарымсыз грант ұтып алу мүмкіндігіне ие.

Қаржы кәсібінің іргесін кеңейтуге жұмсалады. Оны иемдену үшін ұтқыр ойын жүзеге асырған кәсіпкер төл жобасы жайында 1 минуттық бейнеролик түсіріп, жазбаны байқаудың ресми сайтына тіркеп, әлеуметтік желілерде жарияласа болғаны. Мұны үміткер 19 қыркүйекке дейін жасап үлгеруі керек.

Еске салайық, байқауды «Сәби» қайырымдылық қоры ұйымдастырып отыр. Басты мақсат - өміршең бастаманы қолға алған жас кәсіпкердің аяғына нық тұруына септесу. 7 жылдың ішінде жалпы көлемі 1,5 млрд доллар болатын 60-қа тарта грант табысталған. Бүгінде әр саланы қамтитын жобалар сәтті жүзеге асып, өндіріс жолына қойылған.