Жедел-жәрдем көліктері үшін «Жасыл дәліз» - smart жүйесі қолданылады

Жедел-жәрдем көліктері үшін «Жасыл дәліз» - smart жүйесі қолданылады

Жедел-жәрдем қызметінің науқастарға тез жетуі үшін Шымкентте «жасыл дәліз» смарт жүйесі енгізіліп жатыр. Яғни, енді шаһар ішіндегі барлық бағдаршамдар №103 көліктері үшін бейімделеді. Демек, шақырту түскен үйге жету уақыты 15–20 минутқа дейін қысқарады. Әзірге бұл пилоттық жоба. Егер жақсы нәтиже көрсетсе, смарт жүйе басқа қалаларға да енгізіледі.

Мұрат Бердібаев 20 жылдан бері жедел жәрдем көлігін тізгіндеп келе жатыр. Тәжірибелі маман жаңа жүйе өте тиімді дейді. Өйткені қанат қақты жобда көліктің әрбір қозғалысы онлайн бақылауға алынады. Цифрлы жүйе бағдаршамдарды автоматты түрде үйлестіп, жедел медицицналық жәрдем көлігіне «Жасыл дәліз» жасайды.  Яғни, әрбір секунды санаулы алғашқы көмек жолдағы  көлік кептелістене ұрынбай, діттеген жеріне еш  кедергісіз  жетеді.