«Жентті жиі дайындаймын». Ең дәмді жент пен майсөк қай қатысушыға тиесілі?
Қазақтың ұлттық тағамдарының ішінде жент пен майсөктің орны бөлек. Өзіңше әр беріп, аздаған уақыттың ішінде түр-түрін істеуге болатын тіскебасарды бұл жолы бағдарлама қатысушылары дайындап көрді.
Жент негізінен ұнтақталған бидайдан немесе арпадан жасалады, кейде оған май, бал немесе қант қосып жатады. Ал майсөк дайындағанда басты ингредиент ретінде тарыны қолданады.
Бағдарламаның бұл шығарылымында кіммен қоштасамыз? Үздіктер қатарынан кімдер көрінді? Ең дәмді жент пен майсөк қай қатысушыға тиесілі? Бар қызық Дәмді додада.

