Жол жөндеуге 107 млрд теңге бөлінді

Жол жөндеуге 107 млрд теңге бөлінді

834 шақырым жолды жөндеуге бюджеттен 107 млрд теңге бөлінеді. Бұл Абай облысында бүлінген жолдарды шетінен ретке келтіру үшін түзіліп жатқан жоспар. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы алдымен «Қалбатау-Майқапшағай» автожолының құрылысын бастауы тиіс. Егер бәрі жоспарға сай жүрсе, жыл соңында бұл бағыттағы трасса толық ашылады деп күтіліп отыр. Қосымша, 16 көпір  мен 100-ден астам су өткелі қайта құлыпқа келтірілмек. Жұмыстың сапасын бақылау - «Жолактивтері сапасының ұлттық орталығына» берілген. Негізі өңір үшін аса маңызды бұл халықаралық күре жолды жаңғырту жұмысы 2019 жылы басталыпты. Бірақ бірде қаржы, бірде құрылыс күші жетпей, бітуі қиындап келген.

Дархан Иманашев, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:

- Құбыр жұмыстары, көпір жұмыстары аяқталды. Жоғарғы төсем 179 шақырым қалды. Биылғы жоспарымыз бойынша қозғалысты толық ашамыз. Барлық сұрақтар шешілді. Арнайы материалдар, арнайы техника. Қызметкерлер толық дайын. Қаражат мәселесі де толық шешілді.