Қазақстанда 60-тан астам ғылыми жоба қаржыландырылады

Қазақстанда денсаулық сақтау, білім беру, геологиялық барлау, өндіріс, туризм және басқа салалардағы жобалар қаржыландырылады. Елімізде новаторлар мен ғылыми ұйымдар қатыса алатын үздік ғылыми жобалар байқауы басталды. Жарыстың жалпы жүлде қоры 18 млрд теңгені құрайды. Онда 60-тан астам үздік жоба таңдалады деп жоспарлануда.

Байқау талаптарына сәйкес әзірлеу үш жыл ішінде толық аяқталып, іске қосылуы керек және ортақ қаржыландыру грант сомасының кемінде 20%-ін құрауы тиіс. Ғылыми сайысқа қатысқан командадағы адамдар саны 5-тен аспауы керек. Қатысуға өтінімдер is.ncste.kz автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы қабылданады.