Жыл басынан 6 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Елдің еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, олардың жартысынан астамы Қазақстанға Өзбекстаннан, ал қалған бөлігі Қытай, Ресей, Түркменстан, Моңғолия және басқада елдерден келген.

Қандастар негізінен Алматы, Маңғыстау, Түркістан  және Жамбыл өңірлері, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларына қоныстанған. 70%-ке жуығы еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар. Олардың барлығының дерлік жоғары, орта және орта кәсіптік білімі бар.