Зиратты жаңартуға бола ма?

Адал кәсіп - ризықтың кілті. Кәсіп - ризықтың себепшісі ғана. Кәсіп - Алладан келетін нәсіптің себепкері. Ризық осы кәсіптен келіп жатыр деп түсіну керек. Бізге келетін ризықтың екі жолы болады. Біріншісі - өзі іздеп келетін ризық. Қайда барсаңда да бұйырған нәсіп сізге өзі келеді. Қазақ айтпақшы, бұйырған кетпейді, қуған жетпейді. Екінші түрі - іздететін ризық. Жүз ризықтың тоқсан тоғызы біз іздеген ризық, біз іздеген кәсіп болады. Соның біреуі аузымызға түсе ме, түспей ме - оны ниетімізге қарай Жаратқан шешеді.