1,42 млрд теңге айыппұл: монополияға қарсы қатаң шешім

1,42 млрд теңге айыппұл: монополияға қарсы қатаң шешім

«ҚТЖ–Жүк тасымалы» компаниясына монополиялық жағдайын теріс пайдаланғаны үшін 1 миллиард 420 миллион теңге айыппұл салынды. Тергеуді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Астана қаласында жүргізген. Тексеру нәтижесінде компания жүк тасымалдау жоспарын бекіту кезінде аффилиирленген ұйымдарға – «KTZ Express» және «КедентрансСервиске» басымдық бергені анықталды. Бұл басқа экспедиторлық компаниялардың жұмысына кедергі келтірген. Сот шешімімен айыппұл мемлекет кірісіне өндірілмек. Апелляциялық шағым да қанағаттандырылмады. Бұған дейін де «ҚТЖ–Жүк тасымалы» HILL Corporation компаниясымен заңсыз келісім жасады деп танылып, сотта жеңілген еді.