Әзербайжандық үшем мен қырғызстандық егіздер қазақ тілін үйреніп жүр
Тіл үйренуге құлшынысың болса, бір ай да жеткілікті. Оған дәлел болатын жастар Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіндегі дайындық орталығында жүр. Мұнда Әзірбайжаннан келген үшем мен қырғызстандық егіздер қазақ тілін меңгеліп, өз ойын еркін жеткізетін деңгейге жеткен. Қазақ тілін үйреніп жатқандармен тілшіміз тілдесіп қайтты.
«Менің отбасым» тақырыбына шығарма жазған Зехра өз жұмысын көпшілік алдында
оқып берді. Ол – Эсра және Лала есімді үшемдердің бірі. Ұқсастықтары соншалық,
бастапқыда оқытушылар мен достары оларды бір-бірінен ажырата алмай әбігерге түскен.
Сондықтан қыздар өз есімдерін қағазға жазып қоюды әдетке айналдырған.

