Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұжымы Әз-наурыз мерекесін атап өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұжымы Әз-наурыз мерекесін атап өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астанада «Наурыз» мерекесін атап өтті. Іс-шара ұйымның 35 жылдық мерей тойы қарсаңында ұйымдастырылды. Сонымен қатар, дін мен дәстүрді сабақтастырған Ұлық мереке Қазақстан халқы бірлігі күнімен тұспа-тұс келді. Кешке дін қызметкерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.