Дін проблема емес, дін проблеманың шешімі
Дін қоғамдағы проблема емес, ол оның шешімі. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі Хатшылығының ХХ отырысынан кейін қатысуышылар осындай ойларымен бөлісті. Айтуларынша, діни көшбасшылар жаһандағы проблемаларды жақсы біледі және оның шешемін табуға көмектесуге дайын. Рухани сала өкілдері пандемиядан кейінгі алғашқы ауқымды шараның оң нәтиже беретініне сенімді.
Димитрий Сафонов, Діни қызметкер, Орыс православ шіркеуінің дінаралық қатынастары бойынша Мәскеу патриархатының сыртқы шіркеу байланыстары бөлімінің хатшысы:
– Біз көптеген өзекті мәселелерді қозғадық. Менің ойымша, барлық проблемаларды қамтыған декларация қабылданды. Бұл дегеніміз әлемдік діни көшбасшылар бүгінгі күннің сын-қатерлеріне бірлесе үн қатуға қауқарлы деген сөз. Әрине, коронавирус пандемиясының салдары, экстремизм, әлемде болып жатқан қантөгістер мен қақтығыстар, әлеуметтік теңсіздік, кедейшілік шегіндегі адамдарға, мұқтаж жандарға көмек көрсету секілді маңызды мәселелер бар. Яғни, біз қазіргі әлемнің негізгі проблемаларына басымдық беріп отырмыз. Діни көшбасшылардың араласуынсыз әлемдік мәселлерді біржақты шешу мүмкін емес. Себебі олар артынан ергендерге дұрыс жол көрсетуге барын салады.
Джо Бейли Уэллс, Англия шіркеуінің арнайы өкілі, доркинг епископы:
– Бұл жерде талқыланған тақырыптың әрқайсысы өзекті. Әрине бәріміздің ойымыз бір жерден шығуы, тоғыспауы мүмкін, алайда талқылау үшін жиналдық, Біздің дініміз, діліміз бір болмаса да, үстел басына барлық сұрақтарды талқылауға жиналып отырмыз. Бұл жерде ең маңыздысы – бірлікке, татулыққа, ынтымақтастыққа деген біздің оймыз бір.
Сон Чжин – «Чогие» будда орденінің мүшесі:
– Біріншіден, белгілі бір діннің көшбасышысы ретінде осындай ауқымы үлкен шараға қатысу мен үшін үлкен құрмет. Біздің барлығымыздың бір үстел басына жиналғанымыз мені қуантады. Бұл жиынның өзі ынтымақтастықты, достықтың белгісі деп білемін. Жиналыста түрлі тақырыптар айтылды. Теңдік мәселесі, әйелдер құқығы, әлеуметтік проблемалар. Осындай шараның бір бөлшегі бола алғаныма қуаныштымын.