Әкімдердің жұмысы халықтың әл-ауқатына байланысты бағаланады
Енді әкімдердің жұмысы халықтың әл-ауқатына байланысты
бағаланады. Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектенов айтты. Үкімет басшысы әр отбасының әлеуметтік
жағдайын ұдайы бақылауда ұстауды тапсырды. Ол үшін отбасының цифрлық картасы
арқылы бес санатта сараптама жасалуы керек. Яғни, жергілікті атқарушы органдар
осы платформамен әр үйдегі адам санын, орташа табысын және жұмысқа жарамсыз
жандардың бар-жоғын анықтап, талдау жүргізеді. Одан кейін «дағдарыс» және «шұғыл»
деп аталатын санаттардағы отбасылардың әрқайсымен жеке жұмыс істейді. Одан
бөлек, қазір халықтың әлеуметтік осал топтарына, мүгедектігі бар адамдарға
қолдау көрсететін бағдарламалар да қарастырылып жатыр. Осылайша, тұрмыс
тауқыметін тартқан 31 мың 200 отбасының жағдайын жақсарту көзделген.

