16 жасқа толмағандар әлеуметтік желіге тіркеле алмайды
Енді 16 жасқа толмағандар әлеуметтік желіге емін-еркін тіркеле алмайды.
Мәдениет және ақпарат министрлігі заңнамаға дәл осындай өзгеріс енгізуді көздеп
отыр. Қазір жастардың 97 пайызы телефонға телмірумен күнін өткізеді. Кәмелетке
толмаған әрбір төртінші бала смартфонға тәуелді. Осының өзі мәселенің маңызды
екенін аңғартады. Жауапты ведомствоның мәліметінше, жаңа шектеу балаларды
зиянды контенттен, интернеттегі түрлі қауіп-қатерден және гаджетке шектен тыс
байланып қалудан қорғауға бағытталған. Ұсыныс қазір қоғамдық талқылауда. Егер
көпшілік қолдаса, мемлекеттік органдар тетіктерін бірге пысықтайды. Ал баланың жасын
анықтау міндеті онлайн платформаларға жүктелмек. Айтпақшы, мұндай шектеу
енгізген елдер аз емес. Дания, Австралия, АҚШ, Ұлыбритания және Ирландия
жасөспірімдерді әлеуметтік желіге тіркелуге тыйым салған.

