114 мың 800-ден аса қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Өткен тәулікте тағы 474 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 114 821 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 820 COVID-19 науқас анықталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 128 400.
Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:
Нұр-Сұлтан қаласы - 15762 (+77)
Алматы қаласы - 15802 (+77)
Шымкент қаласы - 5345 (+11)
Ақмола облысы - 4836 (+75)
Ақтөбе облысы - 3469 (+7)
Алматы облысы - 5605 (+30)
Атырау облысы - 11571 (+14)
Шығыс Қазақстан облысы - 15741 (+164)
Жамбыл облысы - 4366 (+14)
Батыс Қазақстан облысы - 7871 (+37)
Қарағанды облысы - 11009 (+19)
Қостанай облысы - 4975 (+63)
Қызылорда облысы - 3289 (+3)
Маңғыстау облысы - 3431 (+3)
Павлодар облысы - 5910 (+110)
Солтүстік Қазақстан облысы - 5950 (+114)
Түркістан облысы - 3468 (+2).
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 168 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 82 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 41 595, 434 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 30 289 жетті.
Фото: gordonua.com