Қазақстанда халықаралық креативті индустрия орталығы құрылады

Қазақстанда халықаралық креативті индустрия орталығы құрылады

Қазақстанда 2024 жылы халықаралық креативті индустрия орталығы құрылады. Оның негізінде Астана, Алматы және Шымкентте арнайы хабтар ашылмақ. Бұл жөнінде Мәдениет және ақпарат министрі мәлімдеді. Аида Балаева орталық саланың инфрақұрылымын дамыту, таланттарды іздеу және қолдау, өнімдерді экспорттауға және коммерцияландыруға жәрдемдесетін болады. Бүгінде Министрлікте осы бағытта мамандандырылған департамент өз жұмысын бастап кетті. Креативті индустрияны қолдау және дамыту туралы заң жобасы әзірленді. Құжат келер жылдың қаңтарында Парламент қарауына түседі. 

Аида Балаева, ҚР  Мәдениет және ақпарат министрі:
- Ол зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы өзгертуді, мүмкіндігінше креативті индустриялар қауымдастығын қалыптастыру үшін мәдениет нысандарына қосымша алаңдар ұсыну, оқытудың білім беру бағдарламаларын ұлғайтуды, креативті индустриялар өкілдеріне салықтық преференциялар беруді көздейді. Бұл осы саланың дамуына қуатты серпін береді деген ойдамыз.