12 сәуір – Ғарышкерлер күні

12 сәуір – Ғарышкерлер күні

Бүгін, 12 сәуір – ғарышкерлер күні. Қазақстан үшін бұл айтулы дата. 1961 жылы Байқоңыр ғарыш айлағынан алғаш рет ғарышқа адам ұшырылды. 30 жылдан кейін қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров галактика кеңістігін бағындырды. Бұл оқиға елімізде ғарышты меңгеру бағдарламасын жүзеге асыруға негіз салды. «Халық қаһарманы» Тоқтар Әубәкіров «Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілерімен кездесіп, ғарыш сапары жайында естеліктерімен бөлісті.

 

Тоқтар Әубәкіров, ҚР Халық Қаһарманы, ғарышкер:

– Қазір мен қуанамын! Неге десеңіздер? Мынау кадеттермен кездескен кезде, олардың мынау ішкі сезімдері ерекше қарасаңыздар, жай суретке түскенде олармен бірге, олардың көздері жайнайды. Олар ашылады. Олар сен сияқты болғысы келеді. Ол патриоттық сезім.

Ерасыл Әбікенов, «Жас Сарбаз» ҚБ Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасының орынбасары:

– Тоқтар ағамызды жастардың алдына әкеліп, ол өз аузынан кітапқа жазылмаған тарихын айтты. Тоқтар ағамыз сияқты ұшқыш болу арманы кейбірінде пайда болар деген оймен осы 12 сәуір күніне орай кездесу ұйымдастырдық.