122 мың 300-ге жуық қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Өткен тәулікте тағы 944 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 122 291 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 729 COVID-19 науқас анықталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 138 382.
Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:
Нұр-Сұлтан қаласы - 16641
Алматы қаласы - 16667
Шымкент қаласы - 5406
Ақмола облысы - 5862
Ақтөбе облысы - 3539
Алматы облысы - 5979
Атырау облысы - 11905
Шығыс Қазақстан облысы - 17329
Жамбыл облысы - 4572
Батыс Қазақстан облысы - 8378
Қарағанды облысы - 11328
Қостанай облысы - 6029
Қызылорда облысы - 3302
Маңғыстау облысы - 3459
Павлодар облысы - 7310
Солтүстік Қазақстан облысы - 7159
Түркістан облысы – 3517
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 215 жағдайы тіркелді. Оған қоса 109 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 43 339, 456 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 31 141 жетті.