2026 жылы бюджет шығысы 2 трлн теңгеге ұлғаяды
Келер жылы
республикалық бюджет шығысы 2 тлрн теңгеге ұлғаяды деген болжам бар. Бұл туралы
мәжіліс отырысында айтылды. Депутаттар алдағы 3 жылдағы бюджетті қайта қарады.
Сонымен, 2026 жылы қаржы тапшылығы 2,5 пайызға дейін жетіп қалмақ. Қазір Үкімет
шығысты оңтайландыруды емес, кіріс базасын нығайтуды көздеп отыр. Ол үшін Салық
кодексіне де өзгерту жасалған. Сөйтіп, кіріс - 23,1 трлн теңгеге жетуі тиіс.
Алдағы жылы Президент бастамаларын жүзеге асыруға 285 млрд теңге бөлінеді.
Субвенция көлемі — 5,1 трлн теңге. Басымдық әлеуметтік салаға берілмек. Себебі,
әлеуметтік шығыстардың жыл сайынғы орташа өсімі шамамен 9 млрд теңге.

