25 елдің әскерилері қазақ күресінен сынға түсіп жатыр

25 елдің әскерилері қазақ күресінен сынға түсіп жатыр

Бүгін Астана төрінде қазақ күресінен әскерилер арасында тұңғыш рет әлем біріншілігі басталды. Екі күнге созылатын додаға төрт құрлықтағы 25 елден 169 балуан келген. Белдесулер әйелдер және ерлер арасында 8 салмақ дәрежесінде өтуде. Жарысты Халықаралық әскери спорт кеңесінің қолдауымен еліміздің Қорғаныс және Спорт министрліктері, сондай-ақ қалалық әкімдік ұйымдастырды. Жарыс жеңімпаздары ертең ақтық кезеңде анықталады.