333 сотталған азамат оқуын қашықтан жалғастыруға ниетті
Биыл түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан 2 азамат
Ұлттық бірыңғай тест тапсырды. Бас бостандығы уақытша шектелгенімен, еліміздегі
әрбір азаматтың білім алу құқығы Ата заңмен бекіген. Қазір елімізде жоғары оқу
орындарында қашықтан оқуды жалғастыру үшін тест тапсыруға ниетті 333 сотталған
азамат бар екен. Алайда университеттердің басым бөлігінде бұл санаттағы
талапкерлермен жұмыс істеуге арналған лицензия жоқ. Бүгін бұл мәселе
Конституцияның 30 жылдығына арналған жиында көтерілді. Мамандардың айтуынша,
ауыр қылмыс жасаған азамат та техникалық мамандықтар бойынша білім алуға
құқылы, алайда педагогика сынды салаларда шектеулер бар.

