Зейнетақы қорынан алынатын қаражат жаңа әдіспен есептеледі
Зейнетақы
жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын алу шарты қайта өзгертілетін болды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мұны бүгін: «Болашақ
зейнетақының көлемін сақтап қалу үшін жасалған қадам» деп түсіндірді. Сонымен
не өзгереді? Енді шекті межен асқан соманы алу үшін салымшының жасы, инфляция
және инвестициялық табыс есепке алынады. Мысалы, 46 жастағы салымшының шотында
11 млн теңге болса, оның жасына сәйкес жеткіліктілік шегі 7 млн 800 мың теңгені
құрайды. Яғни, қазіргі жағдайда ол артылған 3 млн 200 мың теңгені шешіп ала
алады. Демек, кейін зейнетке шыққанда алатын ақшаңыз да азайып қалмақ.
Сондықтан министрлік жаңа ереже бойынша ол ақшаны алуға тыйым салу немесе алуға
болатын соманы барынша азайтуды көздеп отыр. Осылайша азаматтардың зейнетақысы
болашақта 2–2,5 есе көп болады дейді жауаптылар.

