Зейнетақы жинағындағы шекті межеден асқан соманы алудың тәртібі өзгерді

Зейнетақы жинағындағы шекті межеден асқан соманы алудың тәртібі өзгерді

Зейнетақы жинағындағы қаржының шекті сомадан асатын бөлігін алудың тәртібі өзгерді. Енді бұл қаражатты азаматтар тек ипотеканың негізгі қарызын ғана өтеуге құқылы. Өзгеріске байланысты «Отбасы банкі» бүгін ресми түсініктеме берді. Оған қарағанда, жаңа талап 2 наурыздан бастап күшіне енеді. Бірақ әзірге 31 қаңтардан барлық процестер уақытша тоқтатыла тұрмақ. Сонымен нақты не өзгерді? Айталық: сіздің зейнетақы шотыңызда шекті межеден асатын 100 мың теңге жатыр. Оны сіз «Отбасы банкіндегі» қосымша шотқа аудардыңыз. Міне, сол қаражаттан бір айлық ипотекалық қарызды өтеуге 75 мың теңгесін алдыңыз. Бұрын оның 65 мыңы негізгі қарызға, ал 10 мың теңгесі банк пайызын өтеуге жұмсалатын. Бірақ енді жаңа талап бойынша 100 мың теңгені тек ипотеканың негізгі қарызын төлеуге ғана аласыз.