Қазақстандық көрермен комедияны таңдады

Қазақстандық көрермен комедияны таңдады

Қазақстандық көрермен комедияны таңдайды. Көгілдір экран алдындағы киносүйер қауымның басым бөлігі дәл осы жанрдағы туындыларға басымдық береді екен. «Алайда тарихи, деректі және анимациялық туындылардың да өз көрермені бар», - дейді сала өкілдері. Отандық киноматографистер салмақты дүниелердің уақыты алда деген пікірде. Жалпы ел Тәуелсіздігінің 30 жылында тек «Қазақфильм» киностудиясының өзі 600-ден аса картина түсірген. Жақында бұл қор тағы 5 тың туындымен толығады.

Айдархан Әділбаев, «Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ вице-президенті:

- Бізде мотивациялық фильмдер өте аз. Көрермендер батыстың мотивациялық туындыларын көруді әдетке айналдырған. Біз осы саланы қолға алмақпыз. Мысалы өзіміздің кәсіпкерлер, спортшылар, ғалымдар және басқа да сала мамандары туралы картиналар арқылы көрермендер нағыз батыр өзінің жанында екенін түсінеді деп ойлаймын.