Орталық Азия елдері арасында туризм саласындағы әріптестік нығаяды

Орталық Азия елдері арасында туризм саласындағы әріптестік нығаяды

Түркістаннан Самарқанд арқылы Бұхараға апаратын бағыт танымал туристік маршуттардың біріне айналуы мүмкін. Бұл туралы Түркі мемлекеттері ұйымының отырысында айтылды. Шара саланы дамыту мәселелеріне арналды. Мамандардың айтуынша, Орталық Азия елдерінің көне қалалары жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған туристі тартады. Сол себепті түркі мемлекеттері арасында осы саладағы ынтымақтастық аясын кеңейту жоспары бар.

Рашид Аюпов, Түркістан облысы әкімінің орынбасары:

- Өзбекстанның кәсіпкерлерімен келісіп, күніне 1 автобус шығару мүмкіндігі туралы меморандумға қол қойдық. Олар наурыз айынан бастап Қазақстан, Түркістанға туристер алып келеді. Былтырдан бері «Ташкент-Түркістан» бағытында ұшақ ұшуда. Билеттердің 80-90% сатылып жатыр. Бүгінгі таңда Өзбекстаннан келетін туристер легі көп.