Ж. Әшімжан: Tik Tok желісіне тыйым салу керек
Tik Tok-қа
шектеу қоятын уақыт келді. Жанарбек Әшімжан осы бастаманы көтеріп, әлеуметтік
желілердегі контенттерге қатысты депутаттық сауалын жолдады. Соңғы екі жылда
Қазақстанда тик-ток платформасына 14 миллионнан аса адам тіркеліпті. Басым
бөлігі жастар мен балалар дейді депутат. Ол алыс-жақын шетелдердегі тик-ток
желісіне қойылған шектеулерді мысалға ала отырып, ақылға қонбайтын челлендждер
мен ұрпақ тәрбиесіне кері әсер ететін контенттерге дереу тыйым салуды ұсынды.

