Қазақстанға  Үндістан мен Оңтүстік Кореядан келген туристер ағынының өсуі байқалады

Қазақстанға  Үндістан мен Оңтүстік Кореядан келген туристер ағынының өсуі байқалады

Қазақстанда шетелдік саяхатшылар легі арта бастады. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында ғана елімізге 250 мың адам турист ретінде, ал 266 мыңы іскерлік мақсатпен келген. Еліміздің тұмса табиғатын тамалаушылар саны арасында үндістандық азаматтар саны 6 есеге көп. Аспан асты туристерінің ағыны 43,5% артты. Қазақстанды жаңа туристік бағыт ретінде оңтүстік кореялық саяхатшылар 3, Америка мен Өзбекстандықтар 1,7, Ұлыбританиялықтар 1,5 есе жиі таңдаған.

Келушілердің басым бөлігі Алматы, Астана қалалары мен Ақмола облысында тұрақтаған. Демалушылар көбі қонақүйлерді, бунгало немесе шале үйлерін, коттедждерді, сонымен қатар хостелдер мен турбазаларды баспана еткен. Туристердің ең көп саны, миллионнан астам жиһанкез, Алматы тау кластерінде демалған. Маңғыстау курорттық аймағына 163 мыңға жуық, Щучье-Бурабайға 132 мыңнан астам турист келген.