Ерекше балаларға арналған балабақша салынады
Ақтөбе облысында мүгедек балаларға арналған 300 орындық
арнайы балабақша салынады. Оған шамамен 7,8 млрд теңге жұмсалмақ. Бұл елге
қайтарылған қаражат. Ғимаратта сал ауруына шалдыққан балаларға барлық жағдай
жасалады. Облыста ерекше күтімді қажет ететін 3 пен 6 жас аралығындағы 2 жарым
мыңдай балғын бар. Олардың тең жартысы ғана балабақшаға барады. Айта
кетейік елге сырттан қайтқан активтерден осыған дейін Ақмола облысында спорт
кешені, Түркістан облысында музыка мектебі және басқа да әлеуметтік нысандардың
құрылысы басталды.

