6 ақпан – Дүниежүзілік ұялы телефонсыз күн

6 ақпан – Дүниежүзілік ұялы телефонсыз күн

6-шы ақпан дүниежүзілік ұялы телефонсыз күн. Яғни, бұл күні қолданушылар гаджет-смартфондардан бас тартады немесе барынша аз пайдаланады. Осылайша бір уақыт технологиялардың адам өміріне қаншалықты әсер етіп жатқанын бағамдауға мүмкіндік бар. Идея авторы - Фил Марсо есімді француз жазушысы. Ол телефондарға түбегейлі қарсы болмаса да, оларды шектен тыс көп қолдану адамзатқа айтарлықтай зиян келтіреді деп есептейді. Сондықтан осы бастаманы ұсынған. Еске салайық, бұл күнді қоғам белсенділері 2001 жылдан бастап атап өтеді.