6 ауданға су басу қауіпі төніп тұр

6 ауданға су басу қауіпі төніп тұр

Абай облысында су тасқынының алдын алу шаралары күшейтіліп жатыр. «Қазгидромет» болжамы бойынша бұл өңір – тәуекелі жоғары аймақтың бірі саналады. Әрине, басты қауіп – сол маңдағы өз арналарының көтерлуінен келеді. Сондықтан мамандар ондағы мұздарды жаруды қолға алған. Қазір Семей маңындағы су тоғандары  тексерілуде.  Төтенше қызметтегілердің айтуынша, Абай облысында 6 ауданда су басу өте қаупі жоғары. Олар: Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Аягөз және Ақсуат. Мұз жару жұмысы Ертіс пен Үлбі өзендерінің жекелеген учаскелерінде де жүруде. Мұнда тасқынды алдын алу үшін 1500 маман мен 500-ден астам техника дайын тұр. Әдетте,  Семей қаласының орталық бөлігі, Шығыс кенті мен Юность ауданы – қар еріген келде бірінші су астында қалады.

Нұрсұлтан Алдонғаров, Абай облысы ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының басшысы:

- Бүгін өзендегі шамамен 700 метр аумақта мұз жару жұмыстары жүргізілді. Бұл алдын алу шаралары. Жалпы мұндай жұмыстар облыстың  бірнеше ічаскесінде жоспарланған. Су тасқыны кезеңіне қажет күш те, құралдар да толық дайын.