6 микроқаржы ұйымына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Қостанай облысында микроқаржы ұйымдарына қатысты 6
қылмыстық іс қозғалды. Олар лицензиясыз жұмыс істеп, тұрғындарға жоғары
пайызбен несие берген. Бір қызығы, пайыздық мөлшерлеме келісімшартта да
көрсетілмеген. Заңсыз жұмыс істеген ұйымдар қаржы беру талаптарын төмендетіп,
өз қызметін әлеуметтік желі арқылы ұсынған. Тексерістен кейін олардың тұрғындарға
500 миллион теңге көлемінде залал келтіргені анықталды. Зардап шеккендердің
қатарында аз қамтылған азаматтар мен зейнеткерлер бар. Тіпті, бір қаржы ұйымы
әжейдің атына 13 млн теңге кредит рәсімдеп, қолына сол қаражаттың 6 миллионын
ғана ұстатқан. Қалған ақшаны несиенің пайызы деп есептепті.

