600 түлек үлкен өмірге қадам басты
Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің 600 түлегі үлкен өмірге қадам басты. Олардың 20 проценттен астамы үздіктер санатында. Ал, тең жартысы оқу орнының қоғамдық өміріне тұрақты араласқан белсенді жастар.
Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы
колледж дамуына серпін қосты. Бұған дейін де оқу орны еңбек нарығына қажетті
мамандарды даярлап келген. Ал, айтулы жыл олардың жұмысын айқындай түсті.

