8 мыңнан астам оқушы мен студент ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасында курстан өтті
Жастайынан елжандылыққа баулып, патриоттық сезімді бойға сіңіру. Осы мақсатта ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасында Қазақстандағы мемлекеттіліктің қалыптасуы, еліміздің халықаралық қарым-қатынасы мен жаһандық бастамалары жөнінде студенттер мен оқушыларға арналған танымдық курстар ұйымдастырады. Мұнда ел болашағы білімді де жігерлі жастарға үлкен көңіл бөлінеді.
Сондай-ақ, мамандар кітапханаға келген әрбір өскелең ұрпаққа туған елді мекендері мен аймақтарын дамытуға арналған жобалар құруға септеседі. Жыл сайын еліміздің мыңдаған өрені арнайы өтетін семинарларға қатысып, баяндамалар тыңдайды. 2020 жылы сабақтар онлайн түрде өтті.
Аталмыш кітапхана басшысының орынбасары Ботагөз Қайыпованың пікірінше, осы арқылы елдегі еріктілер қозғалысын дамытуға әбден болады. Соңғы жылдары 8 мыңнан астам оқушы курстардан өткен.
БОТАГӨЗ ҚАЙЫПОВА, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ-ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Біз үшін ең бастысы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекетті құру барысында ұрпақтар сабақтастығына үлкен мән бергендігін бүгінгі жастарға жеткізу. Жастар аға буын өкілдерінің жолын қуып, ісін жалғау керектігін түсінулері керек. Сондай-ақ арнайы сабақтар барысында біз жастарға туған өлкелерін дамыту үшін кәдеге жарар жобалар құруға септесеміз.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов