«90 күн - таза қала үшін» - экоблогердің акциясы
Алматыда ерекше экологиялық бастама қолға алынды. Мұнда 20 жастағы экоблогер Дулат Нәбиев «Вирус» атты челлендж ұйымдастырып, «90 күн - таза қала үшін» акциясына жүргізіп жүр. Әр таң сайын ол қап алып, көшелердегі қоқысты тазалап шығады. Челлендж Сайран жағалауынан басталып, қаладағы басқа көрікті жерлерде дейін жеткен. Дулат бұл бастамасын әлеуметтік желіге жариялаған. Сөйтіп, акцияға 300-ге жуық адам қосылған. Қатарға қарапайым тұрғыннан бастап, танымал кәсіпкерлерге дейін кірген. Қазір өзі еріктілер фронт офисінің мүшесі. Экоблогердің арманы – «90 күн - таза қала үшін» акциясына бүтін Қазақстан қосылып, нағыз экологиялық қозғалыс жасау. Отандастарын экологиялық мәдениетке үйрету. Кейін бұл әрбіріміздің қалыпты өмірімізге айналса дейді.

